• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Қостанайдағы «iKomek» ахуалдық орталығына 65 мыңнан астам өтінім келіп түскен

179 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «iKomek» жедел әрекет ету және мониторинг ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. 2019 жылы ашылған орталықтың басты міндеті - қаладағы қызмет көрсету сапасы мен өмір сүру сапасын барынша арттыру.

iKomek орталығы тұрғындарға 1000-нан астам қызмет түрін көрсетеді және қоңырау шалған адам өз сауалына бірден жауап ала алады.    Облыс тұрғындарына ыңғайлы болу үшін оңтайлы қызмет көрсету орталығына «109» бірыңғай телефон нөмірі берілген. Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы кез келген тұрғын қала құрылымына қатысты өзін мазалаған сауалға жауап алады және кез келген оқыс оқиға туралы хабарлай алады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін орталық «109» нөміріне қоса, Facebook, Telegram және WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы жұмыс істейді.

Айта кету керек, «iKomek» бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Орталыққа қазір негізінен карантин режіміне қатысты сауалдар келіп түсуде. Соңғы екі күн ішінде «iKomek»-ке  5 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 3,8 мыңы қанағаттандырылған.        

Қостанай облысы