• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Маңғыстау: Биыл 149 шақырым жол жаңартылып, пайдалануға беріледі

301 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Болат Ережепов хабарлады.

Маңғыстау облысының жалпы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2948 км құрайды. Оның ішінде республикалық маңыздағы – 1020 км, облыстық және жергілікті маңыздағы – 1928 км құрайды.

Өткен жылы 107,7 шақырым жолға асфальт жабындысы төселіп, 150 шақырымды құрайтын 4 жоба толығымен аяқталды. Олар: «Құрық – Порт Құрық» (22 км, 8,2 млрд теңге) автожолын реконструкциялау және «Шетпе – Ұштаған» (54 км, 946 млн теңге), «Ақтау – Форт – Шевченко – Қаламқас кен орны» (88-154 км, 668 млн теңге), «Онды ауылына кіреберіс» (8 км, 138 млн тенге) жолдарын орташа жөндеу.

Осы жылы 275,4 шақырымды қамтитын 7 автомобиль жолдарының реконструкциясы мен жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланды.

Олар «Ата жолы» 1-кезең (51 км), «Ата жолы» 2-кезең (46 км) «Жыңғылды – Шайыр - Шерқала» (29 км) «Шетпе-Қызан» (Тасмұрын-Мастек учаскесі, 36 км), «Тұщықұдық ауылына кірме жол» (29 км), «Форт-Шевченко-Таушық» автомобиль жолының 0-52 км учаскесін орташа жөндеу (52 км), «Қызан-Ақшымырау» автомобиль жолын орташа жөндеу (14,7 км) «Қызылсай-Сенек» автомобиль жолын орташа жөндеу (17,7 км).

Сонымен қатар ағымдағы жылы 59,6 шақырымды қамтитын 5 жобаның құрылысы жалғасады. Олар «ХГМЗ жол қиылысынан №23, 24, 28 «А» шағын аудандарының қиылысына дейінгі жалпы ұзындығы 7,0 км №55 автожолын қайта құрылымдау (7 км), «Шетпе-Тиген» автомобиль жолын орташа жөндеу (21 км), МАЭК су жинау каналынан «Құрық» паромды кешеніне дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау (27 км), Маңғыстау облысындағы «МАЭК» су алғышынан бастап Құрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау (ІІІ кезең) (0,07 км), Ақтау қаласының Өмірзақ елді мекенінен Жылы жағажайға дейінгі автомобиль жолының құрылысы (4,6 км).

Сондай-ақ ағымдағы жылы 95,2 шақырымды қамтитын 12 жаңа жобаның жұмысы басталады. Олар «Форт-Шевченко-Таучик-Шетпе» автомобиль жолын орташа жөндеу 52-91 км» (39 км) , «Онды ауылындағы пианер лагеріне кірме жол» автомобиль жолын орташа жөндеу (6 км), «Ералиева станциясына кірме жол автомобиль жолын орташа жөндеу (12 км), «Шайыр ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (2,8 км), «Жармыш ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (2 км), «Сыңғырлау ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (2 км), «Жаңаөзен-Құланды» автомобиль жолын орташа жөндеу» (4,1 км), «Қызылөзен ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (9 км), «Таушық ауылына кірме жолын орташа жөндеу» (3 км), «Маңғышлақ станциясы - Карьер-400» орташа жөндеу» (5,6 км), «Жаңаөзен қаласына кірме жол» автомобиль жолын орташа жөндеу (4,75 км), «Жаңаөзен станциясына кірме жол» автомобиль жолын орташа жөндеу (4,96 м).

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 2019 жылы елімізде «Ауыл – ел бесігі» жобасы қабылданды.

Жоба аясында Бейнеу, Шетпе және Маңғыстау ауылдарында 24,3 шақырым жол орташа жөндеуден өтті, Маңғыстау ауылында 7,5 шақырым жаңа жол салынды.

Осы жылы Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық ауылдарында 4 млрд теңгеге 46,1 шақырым жол салынады және 47,4 шақырым жол орташа жөндеуден өткізіледі.

2019 жылы облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қаржыландыруғы барлығы 13,4 млрд теңге. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 12,3 млрд теңгеге қолдау көрсетіліп, жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге қарастырылып толықтай игерілді.

Осы жылға жергілікті желі жолдарын жөндеу және қайта құрылымдау үшін республикалық бюджеттен 7 млрд 467 млн теңгеге қолдау көрсетілді.  Жергілікті бюджеттен 2 млрд 694 млн теңге қарастырылған. Олар 29 жобаны іске асыруды және 148,9 км астам жолды жақсартуды көздейді. (Барлығы – 10,2 млрд теңге)

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 3 млрд 223 млн теңге бөлінді. Жоба аясында 13 жоба іске асырылып, 557 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.