Қостанай облысында тағы төрт адамнан індет анықталды. Өңірлік жедел ақпарат штабының мәліметінше, Жітіқара қаласында тұратын 1943 және 1949 жылы туған ерлі-зайыпты 2 зейнеткерден COVID-19 анықталған.
Сондай-ақ індет 2017 жылы туған балғыннан табылып отыр. Үшеуі де індет алғаш анықталған науқастарға көрші тұрған. Науқастар Жітіқара ауруханасындағы инфекциялық бөлімге жатқызылды, тиісті ем-шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар, Арқалық қаласында тұратын48 жастағы әйелден де COVID-19 анықталды. Қазір науқаспен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Науқас әйел ауруханаға жатқызылды.
Жалпы 18 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 індет жұқтырған 15 адам тіркелді.
Қостанай облысы