• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 671

360 рет
көрсетілді

2013 жылғы 2 шілде Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы №579 және «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі №912 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 2 шілде Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы №579 және «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі №912 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:1) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №579 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №48, 649-құжат):көрсетілген қаулымен бекітілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:«_______________________________________________________________________________(заңды тұлғаның СТН, БСН, тіркеу туралы куәлігінің нөмірі мен күні)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:«________________________________________________________________________________(заңды тұлғаның БСН, мемлекеттік тіркеу /қайта тіркеу нөмірі мен күні)»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:5-баған мынадай редакцияда жазылсын:«БСН»;2) «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі №912 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №62, 854-құжат):көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«11. Өтінімге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама қоса беріледі.Осы Қағидаларда көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013жылғы 2 шілдедегі №671 қаулысына қосымша

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымшаНысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКБерілді ______________________________________________________________            заңды тұлғаның атауы____________________________________________________________________    заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері___________________________________________________________________заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесінемесе анықтамаБСН:_____________________________________________________________________    газ толтыру станциясының атауы және орналасқан жері___________________________________________________________________        газ толтыру станциянын иеленуге негізКуәлікті берген орган:Басшы (уәкілетті органның)Куәліктің ресімделген күні______________________Куәліктің сериясы______________________Астана қала

Соңғы жаңалықтар