• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2020

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

192 рет
көрсетілді

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті қазақстандықтар!

 

Жарқын Христос мерекесін атап өтетін барша қазақстандықтарды,  православтық христиандарды шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Пасха мерекесі дін жолындағы миллиондаған жандарды біріктіреді, олардың мыңжылдық дәстүрлерін паш етіп, адамдардың жүректерін қуаныш пен үмітке, жарқын өмірге деген сенім мен сүйіспеншілікке толтырады, игі істер мен ізгі ниеттерге рухтандырады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Православие Шіркеуі конфессияаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, бүкіл қазақстандық қоғамда бірлік, тұрақтылық пен тұтастық сақтауға зор үлес қосып келеді. Осындай  ауқымды әрі сан қырлы істер аса маңызды және шексіз құрметке лайық.

Осы жарқын күнде сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Шаңырақтарыңызда бейбітшілік пен тыныштық болсын!