18 сәуір күні кешкі сағат 21.30.-да Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 46-ға жетті. Коронавирустық инфекция табылған 7 азамат та Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын батысқазақстандықтар.
Науқастардың бәрі де Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекеттен ел аумағына өткен. Шекарадағы эпидемиолог мамандар олардың дене қызуын өлшеп, сауалнама жүргізген кезде ауру белгісі байқалмаған. Бірақ карантиндік стационарда жасалған диагностикалық зерттеу қорытындысы 7 азаматтың да бойынан COVID-19 вирусын тапты.
Олардың ең жасы 20 жаста, ең үлкені 47-де. Қазір бәрі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Батыс Қазақстан