• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы № 272

376 рет
көрсетілді

2013 жылғы 14 тамыз Астана қаласы

«Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы №308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

 

2013 жылғы 14 тамыз Астана қаласы

«Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы №308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:1. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы №308 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6630 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 20.04.2010 ж., №144-146 жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесіне:2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;2-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;2-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«жеңімпаз – сауда-саттықтағы затқа ең жоғары баға ұсынған және өткізілген сауда-саттық туралы хаттамаға қол қойған аукционның қатысушысы»;5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«5. Борышкерді және өндіріп алушыны жүргізілген бағалау туралы тиісінше хабардар етпей немесе таныстырмай және оларға бағалау нәтижесін даулауға он күнтізбелік күн мерзім бермей, тыйым салынған мүлік сауда-саттыққа қойылмайды. Көрсетілген мерзімді есептеу жүргізілген бағалау бойынша борышкерді және өндіріп алушыны таныстырған немесе хабардар еткен күннен есептеледі. Борышкердің іздеуде болған кезі оның мүлкін өткізуді жүзеге асыруға кедергі болмайды»;6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«6. Өндіріп алушылар ретінде екі және одан көп өндіріп алушылар әрекет ететін атқарушылық іс жүргізу бойынша тыйым салынған мүлік әрбір өндіріп алушыға бара-бар тиесілі сомада мүлікті сатудан алынған ақшалай қаражатты бөлу жолымен барлық өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін сауда-саттыққа қойылады. Осы атқарушылық іс жүргізулер бойынша сатудың барлық сатысында өндіріп алушыларға мүлікті заттай қабылдап алу туралы ұсыныс жасалмайды.Аталған шектеу өндіріп алушыға (кепілұстаушыға), егер оның талабы қалған өндіріп алушылардың талабынан басым болса қолданылмайды.»;7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«7. Мемлекеттік сот орындаушысының сауда-саттыққа мүлікті қоюы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушыға атқарушылық құжаттың және мүлікті сатуға қою туралы қаулының, борышкерді және өндіріп алушыны мүліктің бағасымен тиісті хабардар ету немесе таныстыруды растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, тыйым салынған мүліктің сауда-саттығын жүргізуге арналған өтінім жіберу жолымен жүргізіледі.»;9-тармақ алынып тасталсын;16-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:«Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерде сауда-саттыққа қатысушының толық деректері: тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің деректері, заңды тұлғаның толық атауы, жеке идентификациялық нөмірі/бизнес идентификациялық нөмірі көрсетіледі»;23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«23. Сауда-саттық өтетін күні қатысушының билеті оған берілген тіркеу нөмірі бар карточкаға ауыстырылады. Сауда-саттық процесінде тіркеу нөмірі бар карточканы басқа тұлғаның пайдалануына жол берілмейді.»;26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«26. Аукцион басталар алдында оны өткізу ережесі, сатылатын мүліктің атауы, бастапқы бағасы және мүліктің бағасын өзгерту қадамы жарияланады»;30-тармақ алынып тасталсын;31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«31. Аукцион борышкердің мүлкін өткізуге жолдау туралы қаулыда көрсетілген мүліктің құнынан басталады. Сатып алу бағасын ұлғайту қатысушының оған берілген тіркеу нөмірі бар карточканы көтеруі арқылы және бастапқы құннан бір қадамға немесе бірнеше қадамға ұлғайтуын жариялау арқылы жүзеге асырылады.Мүліктің құнын әр ұлғайтудан кейін аукционды ұйымдастырушы мүлік құнының өскені туралы хабарлайды және аукцио

Соңғы жаңалықтар