• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:58

Балқаш көлі жағалауындағы жер учаскелері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылады

20 рет
көрсетілді

Жетісу облысында Балқаш көлі жағалауындағы жер телімдері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылатын болады. Бұл бастама көл жағалауын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды  Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Балқаш көлінің жағалауына қатысты бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, соның негізінде аймақты қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде Талдықорған қаласынан Балқаш көліне дейінгі автожол толықтай асфальтталып, су, электр және кәріз жүйелері сияқты негізгі коммуникациялар тартылды. Ендігі кезекте жергілікті билік заманауи демалыс орындарын салу үшін инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр.

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың айтуынша, 12, 24 және 36 сотық көлеміндегі жер учаскелері барлық инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылады. Бұл формат жобаларды жылдам іске асыруға мүмкіндік беріп, шағын қонақ үйлерден бастап ірі туристік кешендерге дейін әртүрлі ауқымдағы инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға жол ашады. Ал 2 гектарға дейінгі ірі жер телімдері Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін Сарқан аудандық әкімдігіне жүгінуге немесе көрсетілген байланыс орталығы арқылы хабарласуға болады.

Астана – Балқаш бағытында әуе рейсі қайта ашылады

Айта кетейік, Балқаш көлінде шомылу маусымы 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл кезеңде өңір туристер үшін қолайлы демалыс орнына айналады. Көл жағалауы жағажай демалысы, су спорты және балық аулау сияқты түрлі рекреациялық мүмкіндіктерге бай. Қазіргі таңда бір маусымда шамамен 50 мың турист қабылданса, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 500 мың адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар