Жалпақ жұрт карантин талабына мойынсынып үйлерінде отырғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымдық тұлғалары моншаға түсіп демалып жүр.
Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері сәуірдің 18-і күні кешкі сағат сегіз жарым шамасында «Избушка» монша-кешенін тексерген кезде ішінде төрт адамның моншаға түсіп жүргендігін анықтаған.
–Төтенше жағдай режимін бұзған моншаның иесі мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды,–деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Мұқым ел халықтың амандығын ойлап отырғанда моншаға түскендердің мұнысы несі екен?
Көкшетау қаласы.