Бас-аяғы алпыс алты вагоннан тұратын құрам теміржолдың қиғаш тұсында орын ауыстыру кезінде тайып кеткен.
Оқыс оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, теміржол апаты бүгін күндізгі сағат 11-лер шамасында орын алған. Апат салдарын жою жұмысы жедел қолға алынған.