• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Сәуір, 2020

Американың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетуі мүмкін

314 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясынан ағымдағы жылы Американың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетеді. The Washington Post мәліметіне сүйенсек, бюджет жетіспеушілігі төрт триллион долларға дейін баруы мүмкін. 

Бүгінде ExxonMobil және Walgreens сияқты ірі корпорациялар несие желілерін кәдеге асырып үлгерген әрі көмекке мұқтаж. Дәл қазіргі жағдайда кәсіпкерлер жұмысшыларын жұмыстан шығару, әлде төлемдерді несие арқылы рәсімдеу қажеттігін білмей даурығуда. Ал банктер студенттердің және несие карталары бойынша қарыздарды жабуды талап етуде.  

Princeton University экономисі Atif Mian елде қиын кезең туындағандығын әрі бұрын-соңды болмаған қарыз туралы сөз болып жатқандығына алаңдаушылық білдірді. Бұдан бұрын қаржы министрі Steven Mnuchin мемлекет пандемиядан шығынға ұшырап жатқан бизнес үшін қаржыны аямау керектігін айтқан болатын.

Таяуда Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені нөлге дейін түсіріп, соңғы 2 трлн доллардан астам қаражат салғаны белгілі. Осы орайда Халықаралық валюта қорының жылдың соңына қарай АҚШ-тың ЖІӨ 5,9 пайыз төмендейді десе, JP Morgan қаржы холдингі 40 пайыз деп болжайды.