• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Бизнес 20 Сәуір, 2020

Қиындықпен бетпе-бет қалдырмады

172 рет
көрсетілді

Жұқпалы індеттің жаманат хабары шыққалы ел ішіне алаң кіргені рас. Алдымен айна­ла­мыз­да­ғы адамдардың, үйдегі бала-шағамыздың аман­дығын тілеп, сақтықты күшейттік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлы­ғымен Төтенше жағдай жа­рия­ланып, коронавирустың та­ралуына тосқауыл болатын шара­лар қабылданғалы шаруаны жиып қойып, үйден шықпауды ұйғардық.

Бұл дертті жеңудің бірден бір жолы – әркім өз отбасын оқшау­лап, бейсауат жүрісті тыю. Ауыл-аймақ болып осы ережеге бағындық. Әрине біздің тірші­л­ігіміз сауда-саттық пен қы­змет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес саласына жататындықтан, жұмы­сы­мызды тоқтатып, табыссыз қалу оңай болған жоқ. Алакөл ауданы бойынша шағын кәсіппен айналысатын әр адам кемінде бірнеше жұмысшыны жұмыспен қамтып отырған болатын. Төтенше жағдайға бай­ланысты олар да күндік табысынан айырылды. Осы сәтте мем­­лекет қиындықпен бетпе-бет қалдырмай, табыс табу мүм­кін­­ді­гінен уақытша қол үзген санатқа қол ұшын созды. Әлеу­меттік қордан төленетін 42500 теңге өтемақыны алдым. Қара­мағымда жұмыс істейтін адамдар да төлемақыға құжат өткізіп, ақша алып жатыр. Қиын қыстау кезде қарапайым халықтың қа­мын ойлаған ел ағаларына алғы­сы­­мыз шексіз.

 

Елена ТУНЯКИНА,

жеке кәсіпкер

 

Алматы облысы,

Алакөл ауданы