• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Сәуір, 2020

Алматыда індеттен көз жұмған 2 адам ауыр халде болған

194 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дүниеден өткен екі адамның денсаулықтары аса ауыр халде болғанын хабарлады.

- Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды. Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған, - делінген хабарламада.