Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы кәсіпорындардың жұмысы кезең-кезеңмен іске қосыла бастайды.
Нұр-Сұлтан қаласында:
өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері; көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар; автосалондар, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді; қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.Алматы қаласында:
өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары; нотариустер алдын ала жазылу бойынша; тек бизнеске қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).