Астанада өткен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумына қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиясын екі күн бойы талқылап, оған оң баға бергені мәлім. Осыған дейінгі уақытта жас тәуелсіз мемлекеттің экономикасы шикізаттық ресурстарды игеру, оларды халықаралық рыноктарға шығаруды жолға қою негізінде дамып келгені белгілі. Ал Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиясы мүлдем жаңа мақсатты көздейді. Құжатта негізгі екпін адам ресурстарын дамыту, инновациялық технологияларды игеру мәселесіне түседі. Мәселені талқылауға қатысқан сарапшылардың көпшілігі осы жәйтті атап көрсетті. Енді солардың бірқатарына сөз берейік.

Тамар Мануэлян АТИНК,
Бүкіләлемдік банктің адам дамуы жөніндегі экс-директоры:
– Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға таман өз елін әлемдегі ең мықты дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу стратегиясын тыңдап, ерекше риза болдым. Форумның пленарлық мәжілісінде Мемлекет басшысы осы мақсатқа қол жеткізудің жолдарын айтып берді. Президент баяндамасы өте жақсы жасалынған. Онда 2050 жылға дейінгі уақытта халықаралық қауымдастықта болатын өзгерістер қамтылған.
Президент өзінің сөзінің барысында стратегия алға қойған міндеттерге сәйкес ендігі кезекте шикізатқа бағытталған экономикадан шығу, оны жаңа жолға салу қажеттігін айтты. Соның негізгі жолы ретінде адамдардың әділ де еркін өмір сүруін қамтамасыз ететін құқықтық реформа жүргізіліп, тәуелсіз де ашық сот жүйесі жасақталынбақ. Ал экономикада негізгі назар адам капиталын дамытуға аударылмақ.
Менің ойымша, бұлар стратегияда алға қойылған мақсатқа қол жеткізу ісінің аса маңызды қағидатты шарттары болып табылады.
Әрине, Қазақстан минералды ресурстарға өте бай. Бірақ олардың барлығы кез келген табиғи ресурс секілді шектеулі ғана мәнге ие. Сондықтан, осы минералды ресурстарды адам капиталын дамыту ісіне сәтті де тиімді пайдалану, жер байлықтарын адам байлығына аудару жолдары қарастырылған. Ал, адамның ресурстық әлеуеті кез келген табиғи шикізаттық байлықпен салыстырғанда шексіз екендігі белгілі. Адамға қаншалықты білім берсең, ол соғұрлым алға басып дами береді. Қазіргі дүниедегі барлық материалдық байлықты адамның ақыл-ойы мен қайрат-жігері жасаған. Адам ресурстарын дамыту дегеніміз – сол байлықты еселеу жолы. Өмірдің негізгі мәні де адамның бақытты да бақуатты өмірге қол жеткізуімен, еркін ойлай білу қабілетімен өлшенеді.
Міне, осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы ұзақ мерзімге арнап жариялап отырған мемлекеттік саясаты негізгі өмірлік мақсаттарды дөп басып отыр. Бұл саясат жастарға тәрбие мен білім беру, денсаулықтарын нығайту, оларды алғы күндерге жігерлендіре отырып, армандарына қанат бітіруге негізделген.
Болашаққ