• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Білім 20 Сәуір, 2020

Қашықтан оқу жүйесі заманауи тәжірибелерді игеруге ықпал етеді

1025 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты физика-математика бағытындағы №178 лицейдің мұғалімдері оқу жылының IV тоқсанында қашықтан оқуға көшуге байланысты министрлік алға қойған міндеттерге орай оқушылардың тоқсандық бағдарламаны өз деңгейінде игеруіне барынша күш-жігерін салуда. 

Сәуір айының алғашқы күні республика мектептерінде сынама сабақтарының өткені белгілі. Білім және ғылым министрлігі тарапынан соңғы тоқсанда қолға алынып жатқан қашықтықтан оқыту барысын кеңінен түсіндірген болатын. Осы орайда аталған мектеп мұғалімдері «Қашықтықтан оқыту жүйесі мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімді ме?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіп, төтенше жағдайлар кезінде білім саласы бетпе-бет келген күрделі кезеңді жұмыла көтеруге кірісіп кетті. Осы  күні  №178 лицейде қашықтықтан оқыту жөнінде сынама сабақтар өткізіліп, пән мұғалімдері барлық оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақты онлайн режимінде өткізуге kundelik.kz, zoom, daryn.onlain білім платформалары кеңінен пайдаланылды. Оқушылар да онлайн режимінде өтетін сабақтарға байланысты тапсырмаларды жылдам игеріп алды.

Осы орайда «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру механизмі» тақырыбында ZOOM платформасында оnline режимде өткен №4 педагогикалық кеңесте мектеп директоры Қайратбек Шадиев ұжымды «Лицейде 2019-2020 оқу жылының IV тоқсанында қашықтықтан оқытуға көшу туралы» бұйрығымен таныстырып, қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша қадамдық нұсқаулар берді. Сонымен қатар, барлық ресурстарға (интернет, оқу - әдістемелік кешендер, мұғалімдер әзірлеген материалдар) сүйеніп, оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда жүргізілетін жұмыстар барысына тоқталды. Директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары К.Шажабаева онлайн кеңесте ІІІ тоқсандағы білім сапасының  қорытындысына байланысты (сандық есеп) салыстырмалы мониторинг арқылы баяндама жасады. Математика пәнінің мұғалімі Б.Қасен мұғалімдерге кері байланыс жүргізу жолдары мен kundelik.kz үй тапсырмаларын беруде нұсқаулықтармен таныстырcа, мектеп психологы Ш.Асилова қашықтықтан оқу үрдісін ұйымдастыруда пән мұғалімдеріне кеңес берді.

Лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісінің иегері Бальмира Исабаева қашықтықтан оқытудың пайдалы жағына тоқталды. Жүйе барысында технологияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Мысалы, оқушылардың бір мезетте онлайн жүйесіне ыңғайланып, оны тез игеріп алуы және барлық тиісті техникалық құралдар мен программаларды уақытылы пайдалануы көңілге қонымды.  Сондай-ақ, оқушылардың жаңа жүйеге дағдыланып, біліктілігін арттыруына мол мүмкіндік бар.

Бұл мәселе директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Күлжан Шажабаева және директордың ғылыми-әдістемелік бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Гульнафис Дәулетбаева өткізген «Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер» онлайн конференция барысында жалғасын тапты. Оның барысында кафедра жетекшіліктерімен бірге әдістемелік кеңестің күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер жоспарланып, әр кафедра мұғалімдерінің «start zoom» қосымшасы арқылы онлайн видео сабаққа дайындық жұмыстары қаралды. Үлгі ретінде сынақ сабақ пен кафедра отырыстары жоспарланды. Ал үшінші тоқсан барысында өткен физика-информатика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларының онкүндіктерді талдау жұмысы «Білім беру сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» онлайн кеңесте талқыланып, кафедра жетекшілері талдау барысында өткізілген іс-шаралардың  үздік және толықтыратын тұстарына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудағы ықпалды тұсы ерекшеленді. Кафедра жетекшілері мұғалімдердің үздік жетістіктерін көрсете отырып, табысты мұғалім жұмысының нәтижесін алға тартты. Қашықтықтан оқыту жүйесін түсіндіру және оқушыларды оған бейімдеу мақсатында мектеп басшылығы ата-аналармен де жиналыс өткізіп, онлайн режиміндегі оқыту жүйесіне ойдағыдай атсалысуға шақырды.

 

АЛМАТЫ