• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Сәуір, 2020

Еуроодақ елдері шығыны миллиард еуроға жетті

164 рет
көрсетілді

Кәсіпорындардың тоқтап қалуы Швейцария экономикасына 49 миллиардтан 81 миллиард еуроға, Испанияда 171 миллиард еуроға дейін шығын әкелді. «Еуропалық Одақтың коронавирустық пандемиядан шығыны миллиардтаған еуроға жетті» деп хабарлады Ifo неміс экономикалық институты өзінің кезекті есептерінде.

«Эпидемияны бәсеңдетуге болады, ал кейінірек біз біртіндеп мектептер мен кәсіпорындарды аша аламыз»,  деді институттың президенті Клеменс Фюрст, кеше журналистермен өткен вебинар жиында.

Ғалымдар ЕО мүше елдер экономикасына пандемия әсерін жеке-жеке талдап шығып, олардың қалыпқа келу мерзімі бірер жылға созылатынын айтыпты. 

Ifo мәліметтері бойынша, екі айдың ішінде жартылай жұмыс істемейтін кәсіпорындар үшін Австрияның шығыны 34 миллиардтан 57 миллиард еуроға дейін болады.

Егер, кәсіпорындар екі ай ішінде жұмыс істеп, тапсырыстар алмаса Швейцарияның шығыны   49 миллиардтан 81 миллиард еуроға дейін, Испанияда шығын 171 миллиард еуроға жетуі мүмкін. Францияның екі айлық шығыны 76 миллиардтан 298 миллиард еуроға, Ұлыбритания 328 миллиард еуроға дейін жоғалтуы мүмкін.