Ұлттық ұланның әскери жасағы патрульдеу бағытында жүргенде Жедел басқару орталығы кезекшісінен 1949 жылғы азаматтың үйден белгісіз жаққа қарай шығып, қайта келмегені туралы ақпарат алады.
Жасақ бастығы кіші сержант Жандос Қарабай және патрульшілер қатардағы жауынгерлер Мақсұт Бейсенбин мен Рамис Шамшутдинов кинолог маман ефрейтор Кирилл Токтамыспен бірге ер азаматты іздей бастайды. Сенімді төртаяқты «Риктің» көмегіне жүгінген жауынгерлер қызметтік итке жоғалған адамның жеке киімдерін иіскетіп, іздеу шараларын үдетеді.
Нәтиже өзін көп күттірген жоқ. Араға 40 минут салып әскери жасақ жоғалған адамды тауып, автопатруль қызметіне тапсырады.