• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Сәуір, 2020

Қытай ғалымы: Вирус Уханда жасалған жоқ

674 рет
көрсетілді

Соңғы кезде АҚШ баспасөзінде «коронавирус теңіз өнімдерін сататын базардан емес, Ухан қаласындағы вирус зерттеу орталығынан тараған» деген болжамдар айтылып, кейбір ресми ұйымдар тіпті «вирус әдейі қолдан жасалды» деген пайымдарын да көлденең тартып отыр.

Бұл мәселе аталмыш елдің президенті Дональд Трамп тарапынан сөз болып, арнайы тексеру шарасы қарастырылып жатқаны жайлы да мәлім етіліп үлгерді. 

Осы мәселеге байланысты Ухан қалалық вирус зерттеу орталығының ғалымы Юань Жимин мәлімдеме жасап, жоғарыдағы пайым-пікірлерді жоққа шығарды. Ғалымның айтуына қарағанда, вирус зерттеу лабораториясынан COVID-19 тарауы мүмкін емес, онда қауіпсіздік мәселесі ерекше қадағаланған, екіншіден, орталықта қызмет атқаратын бірде-бір адам аталмыш індетпен ауырған жоқ. Ғалым соңғы пайымын басты дәлел ретінде ұсынып отыр.

Сонымен қатар ғалым АҚШ баспасөзінде айтылып жүрген болжамдар шындыққа жанаспайтынын айтып, қазақшалағанда «өтірік өзге жүзбейді» дегенге тоқталды.