Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына Халел Әкімжанов басшы болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ол 1991 жылы Қарағанды облысындағы Топар кентінде дүниеге келді. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін үздік тәмамдаған.
2015 жылдан 2020 жылға дейін «Astana» ӘКК» АҚ-да жұмыс істеді. Бұл жерде ол менеджер, директордың орынбасары, активтерді басқару департаментінің директоры лауазымынан Басқарушы директор-Басқарма мүшесіне дейінгі қызметтік мансап жолынан өтті.