• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2020

«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы босқындарға қолдау көрсетуге шақырады

1609 рет
көрсетілді

Соңғы төрт жыл бойы Жерорта теңізіндегі босқындар мен мигранттарды құтқарып келе жатқан SOS Méditerranée («Жерорта теңізі SOS») гуманитарлық бірлестігі барлық операциялардың тоқтайтындығын мәлімдеді.

Коронавирус эпидемиясы салдарынан Оңтүстік Еуропаның барлық елдері порттар толығымен жабылған. Ол аймақтар санитарлық дағдарысты ушықтырмас үшін Жерорта теңізінде құтқарылғандарды қабылдаудан мүлдем бас тартып отыр. Босқындарды қабылдауға арналған арнайы орталықтардағы жағдай бұрынғысынша апаттық жағдайда. Онда мадам көп, гигиена құралдар тапшы.

Ендігі кезекте вирус індеті өршіп тұр. Инфекция жұқтырған жағдайда науқастарды оқшаулауға жол жоқ. Ал Грекия билігі босқындардың бірінде коронавирус анықталғаннан кейін Афинадан 40 шақырым жерде орналасқан бүкіл миграциялық орталыққа карантин жариялаған-ды. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Осы жағдайға байланысты «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы Еуропадағы барлық елдерді босқындарға көмек көрсетуді жалғастыруға шақыруда. Алайда, қазіргі жағдайда бұған мән бере қоятын Еуропа елдері жоқ.