• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2013

Сан алуан пікірлерді тоғыстырған форум

320 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы өз мәресіне жетті. Ол туралы арнайы ұйымдастырылған брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев айтып берді.

 

Кеше Астанада Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы өз мәресіне жетті. Ол туралы арнайы ұйымдастырылған брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев айтып берді.

Елордада екі күн бойы өткен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы өз жұмысын қорытындылады. Форумға екі жүзден астам халықаралық сарапшы мамандар қатысты. Дамушы нарықтардың ғаламдық форумы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр, деді Үкімет басшысының орынбасары.

Форумға тек Парламент пен Үкімет мүшелері ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келген бірқатар саяси тұлғалар, бұрынғы мемлекет, үкімет басшылары, ірі халықаралық ұйымдардың басшылары мен АҚШ-тың, Еуропа Одағының, Жапония, Қытай, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Латын Америкасы елдерінің бизнес өкілдері қатысқан. Бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары ішінде Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский, Австрия­ның бұрынғы федералдық канцлері Альфред Гузенбаэр мен Италияның экс-премьер-министрі, Еуропалық Комиссияның президенті Романо Проди, Израилдің экс-премьер-министрі Эхуд Ольмерт, сондай-ақ, Боливияның бұрынғы президенті Хорхо Кирога бар.

Шараға әлемдегі түрлі дең­гей­дегі халықаралық ұйымдардың бас­шылары келді. Мысалы, Бүкіл­әлем­дік банк, Халықаралық валюта қоры, Азия даму банкі, БҰҰ ДБ, Еуропалық комиссия, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Жапонияның ха­лық­аралық ынтымақтастық бо­йын­ша агенттігі өкілдері де қатысты.

Осыншама халықаралық ұйымдар атсалысқан форум Еуразия құрлығында дамып келе жатқан нарықтардың бар екенін дәлелдеді және Шығыс пен Батыстың интеграциялық үрдісін күшейтті. Бұл міндетті атқару Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға жүктелгендей болып отырғаны мәлім. Сондықтан, аталған форумның Қазақстанда өткізілуінде де мән бар. Негізі, екі күнге жалғасқан форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Шетелден келген сарапшы мамандар еліміздің стратегиялық даму бағытына жоғары баға берді, деді Е.Орынбаев.

Мемлекет басшысының тапсырмалары Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену жобасының тұжырымдамасынан көрініс табады. Ал, форумға қайта оралсақ, шарада түрлі қызу пікірталастар болды. Өзара түсіністік сипаттағы үнқатысу форумның маңызын арттыра түсті. Шетелдік мамандардың айтқан ұсыныстары назарға алынып, өз мамандарымыз арасында арнайы талқыланатын болады, деп аяқтады сөзін Премьер-Министрдің орынбасары.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар