Қазақстандық стартап елдегі төтенше жағдай кезінде алаяқтықтың алдын алу қызметін ұсынады. Пандемия кезінде шағын және орта бизнес 2000-нан астам компанияларды сенімділікке тексерген.
Kompra – қазақстандық стартап. Серіктестер мен мердігерлердің сенімділігін бақылайтын компания. Қазақстан және Ресейдің заңды әрі жеке тұлғалары туралы деректерді де жылдам тексеруге мүмкіндік береді. Kompra арқылы 79-дан астам индикаторлар бойынша қарыздар, соттылығы, компанияның мәртебесі және басшылары туралы ақпарат білуге болады. Стартап бағдарламасы Технологиялық парктің ресми мүшесі болып табылатын Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде жеделдетілген.
Kompra контрагентінің тексеру қызметі елде төтенше жағдайды енгізу кезеңінде ағымдағы жылдың 17 наурызынан 1 мамырына дейін ақысыз «Мониторинг» және «Теңгерімді 2-ге көбейт» науқанын бастады. Компания өкілдерінің айтуынша, дәл осы кезде тасымалдау қызметі мен серіктестердің сенімді екендігіне көз жеткізу аса маңызды.
Kompra негізгі клиенттері – ірі компаниялар, банктер, квазимемлекеттік құрылымдар. «Біз оларға жаңа мониторинг қызметін бір ай бойы тегін пайдалануға мүмкіндік бердік. Мониторингтің көмегімен пайдаланушылар компаниялардың өзгерістері - мәртебесі, тіркеу деректері, қауіп факторлары туралы тез арада хабардар бола алады. Акция аяқталғанша аралық нәтижелерді шығарамыз. Мониторинг барлық тапсырыс берушілердің сұранысы бойынша жүргізілді. 17 наурыздан 20 сәуірге дейін ШОБ үшін қызмет бойынша жалпы сомасы 600 мың теңгеге 260 транзакция жасалды. Біз іс жүзінде 1,2 миллион теңге көлемінде қызмет көрсеттік: Бірақ біздің клиенттер аз шығын төледі», - дейді Ринат Илюбаев.
«Теңгерімді 2-ге көбейт» акциясы арнайы ШОБ өкілдеріне, бухгалтерлерге және адвокаттарға бағытталған. Қызметті жеке пайдаланатындардың барлығы 17 наурыздан 1 мамырға дейін кез келген толтырудың мөлшері автоматты түрде 2 есе артады. Бұл сізге мердігерлерді тексеруден үнемдеуге және жеткізушілер мен серіктестердің көпшілігінің сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Осыдан 2 жыл бұрын іске қосылған «Атамекен» ҰКП-мен «Компра» ақысыз тексеру қызметін күніне екі рет пайдалануға болады. Сондай-ақ, есепшілер мен Halyk Bank төлем жүйесінің пайдаланушылары үшін ақысыз тексеру қолжетімді. Сонымен қатар, Компра журналистерге де бұл қызметті ақысыз ұсынады.
Төтенше жағдай кезінде қазақстандық компания онлайн режимге өтіп, вебинарлар өткізуді бастады. Көптеген компаниялардың қашықтан жұмыс форматына көшу кезіне байланысты Компра өз клиенттеріне мастер-кластар мен білім беру шараларын өткізіп келеді.