• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Сәуір, 2020

Кедей елдердің қарызы кейінге қалдырылды

647 рет
көрсетілді

Мамыр айынан бастап ХВҚ 25 елге қарызды төлеуді тоқтата тұрады. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және G20 бір уақытта бірнеше ондаған кедей елдерге, оның ішінде Африка мен Азия елдеріне, соның ішінде Тәжікстанға қарызын төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп жазады iz.ru.

Кредиттік демалыс қордың қаражаты есебінен,  мүше елдердің, соның ішінде Ұлыбритания, Жапония және Қытайдың ерікті жарналарымен толықтырылады. Қордың ресурстарынан бөлінетін қаржы тек кедей елдерге көмек үшін ғана емес, дамушы елдердің экономикасын несиелендіру үшін де бағытталуы мүмкін.

Әлемдегі ең бай және ең кедей елдерді анықтау ісімен Дүниежүзілік банк сарапшылары айналысады. Олар әр елдің халықтың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кірісі мен жалпы ішкі өнім көлемін, экспорт, мемлекеттік кіріс деңгейін есептеледі. Жұмыссыздар санының көп болуы да, қылмыстық  деңгейдің жоғары болуынан мемлекет ең кедей елдер қатарына кіріп кетуі мүмкін. Көзін таппасаң қазба байлығы  да кедей елдердің қатарынан алыстата алмайды екен. Орталық Африка Республикасы әлемдегі кедей мемлекет ретінде 171 орында тұр. Халық саны 5,057 млн адам.  Жан басына шаққанда ЖІӨ 391 доллар.  Сауаттылық - 48%. ОА халықаралық ұйымдарының болжамы бойынша таяу 10 жылда Орталық Африка Республикасы әлемнің ең кедей елдерінің бірі болып қала бермек.  Бірақ елде табиғат ресурстары, қазба байлағы жетеді. Жергілікті халқының күн көріс көзі  ауыл шаруашылығы.

Бай мемлекет, кедей мемлекет деген түсінік бізге тәуелсіздікпен бірге жетті. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, экономикалық тақырыптарға ден қоя бастаған күннен бастап Халықаралық валюта несиесі бай және кедей елдер үшін деп жіктелетінін білдік. Кейін норвегиялық  экономист Эрик С. Райнерт «Бай мемлекеттер қалай бай болды, ал кедей елдер неге кедей болып қала берді?» деген кітабында әлемдік қауымдастық кедей деп таныған  мемлекеттердің  алдағы 5-10 жылда дамыған елдердің қатарына кіруге мүмкіндігі жоқ деп кесіп айтқан. Тіпті ресурсы бар мемлекет өз мүмкіндігін пайдаланып шикізатын өндіріп, өңдеп таза өнім шығара алмаса, ол мемлекет ешқашан бай мемлекет бола алмайды. 

Айтпақшы, кітапта жазылғандай, кедей мемлекеттерді анықтау бойынша екі терапия қолданылады.  Біріншісі Маршал моделі. Екіншісі Ганс Моргентау моделі. Маршал моделі бойынша әрбір мемлекетке Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, америкалық USAID (United States Agency for International Development) сынды агенттіктер келіп: «Біз сіздерге индустрализация жүру үшін ақша құямыз. Сөздер өздеріңіздің мемлекеттеріңізді дамытасыздар» дейді. Бірақ әлгі қаржының үстеме пайызы 35-40 пайыз. Ал бұл қаржыны алған мемлекеттер оны бір жылдан кейін қайтара бастауы тиіс. Осыдан келіп, сол қаражат жұмсалған өндіріс кепілдікке беріледі. Тағы басқа мемлекеттен қаржы алынады. Осы тұрғыдан алғанда Маршал моделі дамыған елдер үшін тиімділігі жоғары.  5 жыл ішінде 5 еседен 10 есеге дейін қайтарып алуға мүмкіндік бар.

Ал қарыз алған мемлекеттердің қарызы көбейе береді, тиісінше, өндіріс орындарын кепілдікке қойған соң олардан да айырылып қалу ықтималдығы жоғары.

Қазақстан мұнайлы мемлекет. Шетелдік  инвесторлар мұнай саласына   қаржы құйып жатыр. Мұнайдан түскен табыстың біраз бөлігін біз де алып келдік. Бірақ сенген мұнайдың басынан бақ тая бастағынын көріп жүрміз. Ішкі нарық арзан мұнай мен қымбат шок деп қабылдап жатыр.   Ал бұдан шығудың жолы – технологияны дамыту. Бірақ дамытайық деп айтуға ғана оңай. Шетелдік мемлекеттер барлық технологияларды патенттеп алған. Жапония, Қытай, Германия сынды елдерден келетін дүниелерді құрастырғанымызбен, біз оны өзімізде жасап шығуға, белгілі бір шектен асып кетуге  құқымыз жоқ.  Өйткені оның әрбір бөлігі, тіпті  дөңгелегіне  дейін патенттелген. Өзіміз жасап шығарсақ  мемлекеттер арасында саяси дау-жанжал туындайды. Мамандар бұдан шығудың бір жолы маман, сауатты мамандарды дайындау қажеттігін айтады. Оларға Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы IT парктерден бір бұрыш беріп, әлемде бар технологияның көшірмесін жасауға болса да рұхсат беру қажеттітігін айтады. Бізді дамыған елдердің қатарына тек мрамандарымыздың жанкештілігімен ғана жете аламыз.

Эрик С. Райнер қарастырған анализ бойынша әлемдік қауымдастық кедей деп таныған елдердің  5-10 жылда дамыған елдердің қатарына кіруге мүмкіндігнің жоқтығы 1945 жылы анықталып, механизмі қаланып қойыпты.

Бірақ одан бері 45 жыл өтсе де кедей мемлекет деп таныған  Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты шағын мемлекеттер бай мемлекеттердің қатарын толықтырды. Шикізаттары жоқ болса да  ғылыми техникалық прогрестің ағымына ілесіп, көштің алдына шықты. Олар халықаралық қауымдастықтардың  шекелеріне кедей мемлекетсің деп шыжғыртып  басып қойған қарғыз таңбасына да қараған жоқ.  Басына сенді. Басы тығырықтан алып шықты.

Мысалы, осыдан екі-үш жыл бұрын қазақтың өрімдей жас балалары әйгілі iPhone телефонын жасап шығарып, құқық қорғау орындары екі аяғынан тік тұрған кезде сол кезде Бас прокуаратураның құқықтық статистика жағын басқарып отырған Бағдад Мусин  өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Жігіттер iPhone жасап шығарды. Бұл керемет. Оларға технопарктердің бір бұрышынан орын беру керек. Жеңілдетілген бағдарламамен несие беру керек. Біз Цифрлы Қазақстан бағдарламасын бостан босқа шығарып жатқан жоқпыз, Бүгін балаларымыздың қабілеті iPhone шығаруға жетсе, олардың  кәсіпкерлік қабілетіне сенуге болады» деп жазған. 

Демек, ендігі мұнайға сену өткен күннің еншісінде қалды. Жоғарыда айтып өткен Эрик С. Райнер  идеясына сүйенер болсақ, Қазақстан ертеңгі күні мүлде кедей елдердің қатарынан табылмас үшін табиғи байлыққа сеніп қалмау керек. Адам капиталы ғана бізді көші бізден қозы көш озып кеткен елдердің қатарына қосады...

АЛМАТЫ