• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Сәуір, 2020

Арқалықта індетке шалдыққан әйел емханада жұмыс істеген

402 рет
көрсетілді

18 сәуірде  COVID–19 індеті анықталған әйел Арқалық қаласындағы өңірлік емхана қызметкері болып шықты. Науқас емдеу мекемесінің зертханасында жұмыс істейді екен.

Қазір індеттің қайдан, қалай жұққаны анықталып жатыр. Зертханашы 18-сәуірге дейін індет жұқтыру тәуекелі  жоғары болғандықтан, екі апта карантинге жатқызылған. СOVID-19 диагнозы расталғаннан кейін инфекция бөліміне ауыстырылыпты.

- Науқас 14 күн бойы ауруханада емделіп жатты, ешкіммен байланыспады және Арқалық қаласының тұрғындарына індет қаупін төндірмейді. Коронавирус анықталғандықтан, науқаспен жақын қарым-қатынаста болған  барлық медициналық қызметкерлер ауруханаға жатқызылды және тексерілді, деп мәлімдеді өңірлік жедел ақпарат штабы.

Қазір арқалықта 11 адам карантин бөліміне жатқызылды. Олар Ресейден келген және науқастармен байланыста болған адамдар.

Арқалық өңірлік ауруханасының провизорлық бөлімшесінде Суық тигізіп алған 5 адам жатыр. 64 адам үйінде оқшауланған. Барлығы полиция бақылауында.

 

 

 Қостанай облысы