• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2020

Жетісудың 70 жастағы тұрғыны жұқпалы індеттен айықты

283 рет
көрсетілді

Алматы облысында коронавирустан емделіп, ауруханадан шыққан науқастар қатары тағы бір адаммен толықты. Осымен жалпы облыс бойынша індеттен тоғызыншы тұрғын айықты.

Бүгін Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасынан егде жастағы науқас босатылды. 1950 жылы туған зейнеткер Қарасай ауданының Алмалыбақ аулының тұрғыны екен. Ол 4 сәуір күні ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлердің жіті қадағалауымен емделген жетпіс жастағы қарт індетті жеңіп шықты. Науқастан екі қайтара алынған анализ қортындысы теріс нәтиже көрсеткен. Дегенмен, зейнеткер алдағы 14 күн бойына үй карантинінде болады.