Аты жаман аурудың бой бермей тұрғандығы адамдардың жауапсыздығынан. Бүгін Ақмола облысында тағы бір тәртіп бұзу оқиғасы орын алды.
Облыс орталығының іргесіндегі Зеренді ауданына қарасты Гранитный поселкісінің 43 жасар тұрғыны Ресейден оралған. Келісімен өзгелерге қауіп төндірмес үшін карантинге жатқызылған.
Жауапкершілікті жете түсінбеген әлгі азамат Көкшетау қаласындағы жоғары медицина колледжінде орналасқан карантин стационарынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері жедел іздеу шаралары барысында Гранитный поселкісінен тауып, қайтадан колледжге жеткізді. Хаттама толтырылды.
Ең бастысы, адамдардың жалғыз өздерін ғана емес, жалпақ жұрттың жайын ойлай бермейтіндіктері өкінішті.
Ақмола облысы