Бүгін сағат тілі таңғы 10-ға таяғанда – төртеу, түскі 12-де – біреу, кешкі сағат 18-де тағы біреу. Жітіқарада бір күннің ішінде осымен алты адамнан COVID-19 індеті анықталды. Бүгін тоқтай ма, тоқтамай ма, белгісіз.
Ресми мәлімет бойынша, індет белгісімен соңғы тіркелген 1986 жылы дүниеге келген әйел адам алдыңғы науқастармен қарым-қатынаста болған. Қазір ауруханада жатыр. Жағдайы – дұрыстау. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны осымен 21-ге жетті.
Қостанай облысы