• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2013

Алқаптың үштен бірі орылды

251 рет
көрсетілді

Тамыз айының аяғындағы жауын-шашын пісіп тұрған егінді жинатпай, диқандарды біраз әбігерге салған еді. Міне, қыркүйек айы басталғалы әр аймақта өткінші жауып кеткені болмаса, көп жаңбыр жоқ. Алтын күздің ызғары жоқ жылы желі жерді кептіріп, комбайнның жүруіне жағдай жасап-ақ тұр. Бүгінге дейін облыстағы барлық егін алқабының 35 пайызы ораққа ілінді. Межелеп отырған 4,5 миллион тонна астықтың 1,5 миллион тоннасы қамбаға түсіп те үлгерді. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың айтуынша, егер жауын-шашынды болып кетпесе, аудандардың басым көпшілігі аптаның аяғына дейін астықтың жартысынан астамын жинап үлгереді.

Облыстың оңтүстік аудандарында жауын аз болғандықтан, орақ қарқыны да басымырақ. Ал жауын көп жауған солтүстік аудандар алқаптың кебуін амалсыз күтеді, дала кемелері кібіртіктейді. Мысалы, Науырзым ауданы қазірдің өзінде барлық астық алқабының 51 пайызын жинап үлгерді. Ал жауыннан көз ашпаған Федоров ауданында бұл көрсеткіш небәрі 27 пайызды ғана құрап отыр. Облыс бойынша гектар айналымы орта есеппен 9,4 центнерден келуде.

Ал астықтың сапасы жө­нін­дегі сөз басқа.

– Биыл жауын көбірек түсті, соған қарамай егінді жиып-теріп аламыз. Біздің шаруашылықтың алқаптары гектарына 14 -15 цент­нерден кем беріп жатқан жоқ. Биыл майлы дақылдың жылы болып тұр. Күнбағыс, рапс, зығыр гектарына 2 тонна­дан айналады. Әдетте, майлы дақылдарды гектарына 1,5 тоннадан жинайтынбыз. Ен­ді бидайдың сапасы да жаман­ емес, қамырлылығы 29 пайызға жетеді. Бірақ ылғалы көп. Кеп­тіргіштер бар, оны реттеп аламыз, – дейді «Қарқын» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігінің директоры, Қазақ­станның Еңбек Ері Сайран Бұқанов.

Дегенмен, орақ барысы әр шаруашылықта әртүрлі. Ауа райының құбылуы диқанның техникасына да, орақ науқанын­дағы шалымдылығына да сын болары хақ. «Елде болса ерін­ге тиеді» деп, бүкіл жұрт ди­қандардың астығын шашау шығармай жинап алса деп күн­нің шуағын тілеп отыр.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қостанай облысы.

Соңғы жаңалықтар