Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен ардагерлер қашанда құрметке лайық. Атбасар ауданының әкімдігі осы орайда ізгіліктің ізетті жолын көрсетіп отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаевтың хабарлауына қарағанда, ауданда тұратын үш ардагерге Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай бір миллион теңгеден тапсырылыпты. Күн санап, қатары сиреп бара жатқан қаһарман қарттарға деген құрметтің шексіз екендігі даусыз.
Атбасарлықтардың ардагерлерге деген жомарт көңілі, шынайы құрметі өзгеге өнеге болса, қанекей?!
Ақмола облысы