• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2013

Білім беру мекемелеріндегі тарих пәні

272 рет
көрсетілді

Білім беру мекемелеріндегі тарих пәні оқулық сапасына, ұрпаққа үйрету үлгісіне, білгізу білігіне тікелей байланысты

Қилы кезеңдердің қырсығы артта қалып, ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Одан кейінгі аласапы-ран жылдардан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саяса-тының нәтижесінде аман өтіп, экономикамыз өсіп, халқымыз-дың әл-ауқаты артып, кемел келешекке жұрттың сенімі нығай-ды. Отанымыз әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елмен иық тірестіріп, іргелі мемлекет, қалыптасқан жұрт екенімізді көрсеттік. Ендігі жердегі келелі міндет жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіріп, ел мен жердің иесі сендерсіңдер деген ойды саналарына дарытып, бойларына орнықтыру міндеті тұр. Бұл туралы Президент елордада мектеп оқушыларына оқыған дәрісінде жан-жақты қозғады. Туған жердің, елдің тарихын білмейінше, шынайы патриот болу мүмкін емес дегенді қадап айтып: «Патриот – өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам», деген болатын.

 Білім беру мекемелеріндегі тарих пәні оқулық сапасына, ұрпаққа үйрету үлгісіне, білгізу білігіне тікелей байланысты

Қилы кезеңдердің қырсығы артта қалып, ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Одан кейінгі аласапы-ран жылдардан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саяса-тының нәтижесінде аман өтіп, экономикамыз өсіп, халқымыз-дың әл-ауқаты артып, кемел келешекке жұрттың сенімі нығай-ды. Отанымыз әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елмен иық тірестіріп, іргелі мемлекет, қалыптасқан жұрт екенімізді көрсеттік. Ендігі жердегі келелі міндет жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіріп, ел мен жердің иесі сендерсіңдер деген ойды саналарына дарытып, бойларына орнықтыру міндеті тұр. Бұл туралы Президент елордада мектеп оқушыларына оқыған дәрісінде жан-жақты қозғады. Туған жердің, елдің тарихын білмейінше, шынайы патриот болу мүмкін емес дегенді қадап айтып: «Патриот – өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам», деген болатын.

Мұның бәрі Тұңғыш Прези­ден­тіміздің «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мем­­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан бастау алып отыр. XXI ғасырдың он жаhандық сын-қатерін атап өткен Мемлекет басшысы тоғызыншы сын-қатерде – өркениет құндылықтарының дағдарысына түсініктеме бере отырып, «Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бас­тан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі» деп қаншама ғасырлар тезінен сырын да, сынын да жоғалтпай бүгінге жеткен жауһарларымызды қорғап, дамыту жолын алға тартқан еді.

Елбасы бұл айтқан бағдарында тарихтың заманға қарай өзгеріп отыратынын меңзеп, бірақ, тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінін, жар­қын болашағын ұштастыра өрістету идеясын ұсынады. Соны жүзеге асыру жолдары талқы­ланған алқалы жиынды Мемле­кеттік хатшы Марат Тәжин мау­сым айында өткізген еді. Онда ұлттық тарихты зерделеу жөнінде мәселелер көтеріліп, түйінді ойлар талқыланған. Соның бірі еліміздегі жоғары оқу орындарында жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан тарихы кафедраларының жұмысын жетілдіру болатын. Бұл жастарға Отан тарихын терең үйрету үшін қолға алынған шара деп білеміз. Біз осы игілікті істі іске асыру жолында еліміздің төрт аймақтарында өткен республикалық семинарлар жұмыстарына атсалыстық. Ел тарихының кейбір әдістемелік және тарихи-мұрағаттық материалдарын қайта қарастыру мен зерделеу мәселесіне көңіл аударудамыз. Білім және ғылым министрлігімен кеңесіп, тарих туралы тұжырымдамаларымызды жұртшылық талқысына салып, өзгелермен ой бөлісу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі жұмыс жасаудамыз. Себебі, тарих мәселелері жеңіл-желпі ой-байламдарды көтермейді. Оның ғылыми негізі мықты болуы тиіс. Бүкіл деректер ғылымда дәйектел­геннен кейін ғана мектеп, жо­ғары оқу орындарының бағ-дарламаларына енгізу қажеттігін уақыт көрсетіп отыр. Мысалы, соңғы жылдардағы өткізілген Бірыңғай ұлттық тестілеу кезін­дегі тарих сұрақтары мен жауапта­рында жиі қайталанып жүрген олқылықтар мен сәйкес келмеу­­­шіліктер, бұ л сөзімізге дәлел бола алады. Кей білім ұялары өздері таңдаған балама оқулықтар бойынша жастарға білім береміз дейді. Бұл да жөн шығар. Дегенмен, балама оқулықтардағы деректердің әртүрлілігі сынақ кезінде талапкерлерді шатыстырары хақ. Сондай талапкерлердің кейбіреулері өздері емтихан кезін­дегі сұраққа берген жауабының дұрыстығын білім алған оқулық бойынша дәлелдеуге тырысып бағатынынан хабардармыз.

Жаһандану заманында тари­хымыздың тиянақты да, орнықты болуына Елбасының жете кө­ңіл бөлуі содан шығар деп ойлай­мыз. Мемлекет басшысының бұл талабының тиісті деңгейде іске асырылуы, тек қана тарихи мұралар мен мұрағаттарды не-месе тарихи тұлғалар мен оқи­ғаларды түпкілікті зерттеумен шек­теліп қана қоймай, негізінен білім беру мекемелеріндегі та-рих пәнінің оқытылу сапасына да бай­ланысты деуі де өте орынды. Сон­дықтан да, орта білім беретін мек­тептер мен колледждер, немесе жоғары оқу орындарында тарих пәні­нің дәрістері мен практикалық сабақ­тарының ғылыми-әдістемелік жағынан қаншалықты нақты және дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. Бұл тұрғыдан барлық білім беру мекемелері үшін жалпылама әдістемелік нұсқаушылық рөлін әр аймақтағы гуманитарлық ба-ғыттағы жетекші жоғары оқу орын­дары атқаруы тиіс тәрізді. Өйт­кені, олар осы гуманитарлық саланы жан-жақты білумен қа-тар, зерделеп отыр. Біз секілді техникалық жоғары білім меке-мелері солармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы өзіміздегі түйткілдердің шешімін табамыз. Сондай оқу орындарының қата­рында профессор А.Иманғалиев басқаратын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің алатын орны ерекше. Бұл сексен жылдық тарихы бар ғылым мен білім ордасының тарих ғылымынан тарайтын этнография, өлкетану, археология және Отан тарихы ғылыми бағыттары бойынша, соның ішінде өлке тарихында ерекше із қалдырған тарихи тұлғаларды зерттеуде қыруар еңбек сіңіруде. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде елі үшін ерлікпен қаза тапқан, тек қана өлкеміздің ғана емес бүкіл республикамыздың мақтанышына айналған қазақ­тың қаһарман қыздары Хиуаз Дос­панова, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова сынды қас батырларды қадірлеу ісі жақсы жолға қойылған.

Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінін таразы басында теңей отырып, кейінгі ұрпаққа сап алтындай таза жеткізу жөніндегі Президенттің тапсырмасына біз де өзіндік үлесімізді қосуға талпынудамыз. Соның ішінде заманға қарай өзіндік орны бар техникалық үрдістердің тарихын зерттеп, зерделеуге университет ғалымдары мен студенттері тың талпыныс­тар жасауда. Оқу орны өзінің техни­калық бағытына қарамастан тарих пәнін студенттерге терең меңгерту мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасының ауқымын кеңейтіп, білікті мамандарды топтастырып жатыр. Арнайы құрылған кафедрада студенттер мен магистранттар ғылым мен техниканың жоғарыда айтқан тарихын зерттеуге құлшына кірісуде. Жылма-жыл өткізілетін студенттік ғылыми конференция­лар мен семинарларда және ғы­лыми жобалар конкурстарында, әсіресе, Отан соғысы басталған жыл­дардан бастап қазіргі кезге дейінгі техниканың даму тари­хын қамтитын тақырыптар алға шығып отыр. Мұндай қадам сабақтан тыс уақыттарда жүргізіледі. Отан соғысы кезіндегі кейбір тех­ника­лардың немесе өзге де қару­лардың даму тарихын, оларды жетік меңгерген шеберлер мен батыр­лар­дың өмірбаяндарын байла­ныс­тырып зерделеу ниетіндеміз. Бұл да күні ертең ел тарихынан орын алатын деректер деп білеміз. Мысалы, Хиуаз Доспанова ұшқан У-2 ұшағы мен Мәншүк Мәметова меңгерген атақты «Максим» пуле­метінің жасалуы, қолданылуы мен техникалық сипаттамаларын студенттер зерделеп, болашақта тәуелсіз елдің қажетіне жарайтын сондай құралдар әзірлеуге талпынып жүрген жастар да жоқ емес. Техникалық білімін ала жүріп, тарихқа ден қойғандар Хиуаз апамыздың сұрапыл соғыстың қиын және тапшылық кездерінде корпусы жартылай фанерадан құрастырылған У-2 ұшағының сипаттамалық жағынан көптеген жетіспеушіліктері болғанын, осы ақауларды олар танып-біліп, батыр қыздың соны дер кезінде біліп, сыннан сүрінбей өткенін ғылыми тұрғыда зерделеп шықты. Мұнымен қатар, техникалық мүм-кіншілігіне қарай, биіктеп кетпей төмендеп ұшуға дағдыланған У-2 ұшағы жау қолында қалған қалаларға түнгі шабуылдар жа-сауда үлкен септігі болғанын да студенттер өз еңбектеріне ар­қау етіп отыр. Ал Мәншүк апамыз қазіргі кезде математика мен статис­тикада жиі айтылып, қолданылып жүрген түсінік – топтасу теориясын өзінің пулеметінде тәжірибе жүзінде қолданған адамдардың бірі болғанын да талапкерлер өз еңбектер

Соңғы жаңалықтар