• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Коронавирус жұқтырғандар саны 50 адамға жетті

977 рет
көрсетілді

Алматы облысында жұқпалы індет жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Осы сәтке дейін ауырғандар саны 50 адам болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кешкісін тағы алты адамнан алынған сынама оң нәтиже көрсетіп, індет белгісінің бар екенін айғақтаған. Науқастардың бәрі бұған дейін анықталған адамдармен байланыста болғандар екен.

Анықталған індет ошағының бірі Іле ауданында болса, қалған 5 адам Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылынан шығып отыр.