Баден-Вюрттемберг жерінің Сауда-өндірістік палатасының шақыруымен Қазақстан Республикасының Германиядағы елшісі Нұрлан Онжановтың Ульм қаласына қызметтік сапары өтті. Елші көлемі және экономикалық дамуы жағынан Германияда үшінші орын алатын жердің қоғамдық-саяси және іскерлік топтары өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіп, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа арналған «Қазақстан шикізат, өндіріс және технологиялар салаларындағы экономикалық серіктес ретінде» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Өзінің баяндамасында қазақстандық дипломат форумға қатысушыларды «Қазақстан-2050» Даму стратегиясы шеңберінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерімен таныстырып, 2012 жылы ақпан айындағы Елбасының ГФР-ға сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясындағы қазақ-герман екіжақты ынтымақтастығының басты басымдықтары туралы хабардар етті.
Баден-Вюрттембергтің Сауда-өндірістік палатасының президенті Петер Кулитц өз сөзінде екі ел арасында орнатылған шикізат, өндіріс және технологиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, Баден-Вюрттемберг жерінің компанияларын Қазақстанның өндірістік және технологиялық жобаларын іске асыруына белсендірек атсалысуға шақырды.
Баден-Вюрттемберг тұрғындар санына шаққанда жоғары технологиялық кәсіпорындардың орналасуы жағынан Еуропада, ал патенттерге тапсырыс берушілердің саны жағынан Германияда бірінші орын алады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.