• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2013

Жүйелі жұмысқа бағдарланған шара

260 рет
көрсетілді

 Бангкокте «Қазақстан­­­­дағы, Нигерия мен Оңтүстік Африкадағы инвестициялық және бизнес мүмкіндіктері» атты халықаралық семинар өтті. Іс-шара­ны Қазақстан, Нигерия және Оңтүстік Африка елшіліктерінің қол­дауы­мен Таиландтың Индустрия министрлігі мен Таиланд Инвестициялар бойынша агенттігі және Қазына­­лық саясат ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

 

Бангкокте «Қазақстан­­­­дағы, Нигерия мен Оңтүстік Африкадағы инвестициялық және бизнес мүмкіндіктері» атты халықаралық семинар өтті. Іс-шара­ны Қазақстан, Нигерия және Оңтүстік Африка елшіліктерінің қол­дауы­мен Таиландтың Индустрия министрлігі мен Таиланд Инвестициялар бойынша агенттігі және Қазына­­лық саясат ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Қазақстан Республика­сының инвестициялық әлеуеті туралы Қазақстанның Таиландтағы елшісі Марат Есенбаев сөз сөй­леді. Ол тай тыңдаушыларын Қазақстанның әлеуметтік-эконо­микалық жетістіктерімен және инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Сондай-ақ, Аста­­­на­да өтетін ЭКСПО-2017 көр­­ме­­сіне дайындық туралы айта ке­ліп, тай компаниялары үшін жаңа инвестициялық мүм­кін­­­ші­лік­тер ашылатынына маңыз берді.

Таиланд Инвестициялар бо­йынша агенттігі бас хатшы­сы­­ның орынбасары Васана Му­тутанонт өз сөзінде жаңа да­му­шы нарықтардағы инвес­ти­циялар үшін үлкен мүмкін­діктер бар екенін атап өтті. «Біз тай инвестициялары үшін жаңа басым бағыттарды – Қа­зақ­стан, Нигерия және ОАР-ды анықтадық. Қазақстан бұл тізімде Орталық Азиядағы же­тек­­ші орынға ие», деді ол. Тай спи­керінің сөзіне қарағанда, атал­­­ған іріктеуге елдегі қолай­лы ин­вестициялық ахуал, мол та­би­ғи ресурстар мен оңтайлы гео­­­гра­фиялық жағдай және инфра­құ­ры­лымдық даму деңгейі себеп бол­ған.

«Біз Таиланд Индус­трия министрлігімен бір­ле­сіп, Қа­зақ­станға тай компа­ния­лары­ның инвестицияларын тарту бойынша жүйелі жұмыс жүр­гізіп қана қоймай, жаңа экс­портқа бағытталған жоғары технологиялық өндіріс­тер құру­­ға ниеттіміз», деді Қазы­­­налық саясат ғылыми-зерттеу инс­титу­тының директоры Пич Нитсмер.

Семинар қорытындысы бо­­йынша ағымдағы жылдың соңы­на дейін сауда миссиясы 50 тай кәсіпкерін өз идеяларын іске асыруды талқылау үшін Қазақ­­станға жіберетіні туралы келі­сімге қол жеткізілді, деп хабар­­­­ла­ды ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар