Жітіқара қаласында тағы төрт адамнан індет анықталды. Ресми мәлімет бойынша, науқастардың екеуі – ер адам. Бірі - 1968, екіншісі - 1990 жылы туған. Қалған екеуі – 1962 және 1989 жылғы әйел адамдар.
Індет мақсатты эпидемиологиялық тексеру барысында анықталған. Дәрігерлердің болжамынша, олар бұған дейін індет жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған.
Жалпы 21 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 індетін жұқтырған 25 адам анықталды.
Қостанай облысы