Шама-шарқын арттырып, тұрмыс-тіршілігін түзеу үшін «шағын қала» деп бөлектеп, дамуына жеке бағдарлама арналған қалалардың бірқатары мемлекет тарапынан бөлінген қаржының игерілуі, жұмыстың қалыпқа сай жүруі бағытында аяғынан алдырып жатыр. Ұйымдастыру олқы ма, қадағалау кемшін бе? Ал Маңғыстаудағы екі қаланың бірі – Жаңаөзендегі жағдай нешік?
Шама-шарқын арттырып, тұрмыс-тіршілігін түзеу үшін «шағын қала» деп бөлектеп, дамуына жеке бағдарлама арналған қалалардың бірқатары мемлекет тарапынан бөлінген қаржының игерілуі, жұмыстың қалыпқа сай жүруі бағытында аяғынан алдырып жатыр. Ұйымдастыру олқы ма, қадағалау кемшін бе? Ал Маңғыстаудағы екі қаланың бірі – Жаңаөзендегі жағдай нешік?
Осыдан 45 жыл бұрын 40 мың тұрғынға лайықталып салынған қалашық бүгінде 128 мың халқы бар шаһарға айналды. Көшіп келушілермен бірге табиғи өсім де күрт артып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін төмендетіп жіберді. Жөндеу көрмеген жолдар, ескірген инфрақұрылым, абаттандыру мен көгалдандыру, жұмыссыздық мәселелері жылдан-жылға қордалана түсті. Тұрғындардың жұмыс істейтін жері де, жұмыс іздегендердің баратын орны да жалғыз – мұнай саласы. Бірақ, қай мекемеде болмасын жұмыс орны шектеулі болатыны тағы түсінікті...
Жасыратыны жоқ, бұрын да, қазір де Жаңаөзен туралы әңгіме қозғала қалса, «мұнайы таусылған соң қаңырап қалатын құла далаға осынша қаражат шығарып, мектеп, балабақша, аурухана салып не қажеті бар?» деген пікірлер айтылады. Бірнеше мыңдаған тұрғыны бар, осы бір салалы қалалардың бүгінін бекемдеп, келешегін күйттеу – ел Үкіметі бекіткен «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламасының мақсаты. Ел-жұртты мұнайымен маңайына иіріп келген Жаңаөзеннің жаңаша түлеуі, бұған дейін шешімін таппай түйдектеліп қалған жайттардың өз түйінін тарқатуы орта және ұзақ мерзімде моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңғыртумен қатар, қамтамасыз ететін аталмыш бағдарлама аясында қолға алынуда. Бір жыл ішінде біткен іс те, алдағы мерзімде бітер іс те баршылық. Бағдарлама Жаңаөзенде тұрғындарды жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз етуді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуін, экономикалық өсу нүктесінде еңбек әлеуетін нығайту бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді.
– Бағдарлама бойынша жұмыстар Жаңаөзен қаласында өткен жылы бастау алды. 2012 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 477 млн. теңге қаражат толықтай игерілді. Бұл қаржыға «Самал» шағын ауданы жолдарын толығымен, «Көктем» шағын ауданы жолдарын жартылай ауыстыру, күрделі жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, «Самалда» екі ойын алаңшасы, екі мектепте спорттық ойын алаңшалары салынды, – дейді қала әкімі С.Тұрымов. Қала басшысының айтуынша, жаңа бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың алғашқы кезеңінің өзі шаһардың өңін кіргізіп, тұрғындардың көңілін көтере түскен.
2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 196,5 млн. теңге қала ішіндегі бірқатар автокөлік жолдарын күрделі жөндеуге жұмсалса, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға орай Жаңаөзен қаласы мен Теңге, Қызылсай ауылдарының жер телімдеріне инженерлік желілерге құрылыс жұмыстары аяқталған және бұл үшін қаралған қаржы толық игерілген.
Жаңаөзендегі жанды әңгіме – жұмыспен қамту. Жұмыс жасау кезеңіндегі белсенді тұрғындарының саны басым қалада бұл мәселені жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы шешуге болады. Ал ол үшін кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың маңызы зор. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Жаңаөзенге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға республикалық бюджеттен 115,0 млн. теңге бөлініп, өндірістік алаң құрылысы үшін қаланың өндірістік аймағынан ауданы 30 га жер телімі берілген. Қазір алаңда жүріп жатқан инженерлік инфрақұрылымдарды жыл соңына дейін аяқтау межеленіпті. Алаң құшағын айқара ашқан сәтте мұнда жиһаз цехы, ұн комбинаты, нанобетон шағын зауыты, шина жөндеу цехы және өзге де 25-ке тарта кәсіпкерлік нысандар ашылып, 400-ге жуық адамға жаңа жұмыс ор