• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Биыл Жамбыл облысына 18.3 мың тонна дизель отыны бөлінген

171 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде Жамбыл облысында көктемгі егіс дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дала еңбеккерлері уақытты тиімді пайдаланып, жерден мол өнім алу үшін еңбек етуде. Егіс алқаптарында жұмыс айтарлықтай қызуда.

Биылғы жылы ел Үкіметі тарапынан Жамбыл өңіріне 18,3 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Оның ішінде 3500 тонна наурыз айына, 5000 тонна сәуір айына, 5300 тонна мамыр айына және 4500 тонна маусым айына қарастырылған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, наурыз айында 3305 тонна, яғни 94,4 пайыз жанармайдың қаржысы аударылып, оның 2935 тоннасы, яғни 84 пайызы жеткізіліп, 1747 тоннасы тиісті операторлар арқылы шаруаларға таратылған екен.

Ал, сәуір айына бөлінген 5000 тонна дизель отынының бүгінде 3595 тоннасына қаржы аударылған. Оның 2494 тоннасы жеткізіліп, 635 тонна дизель отыны таратылған. Сонымен қатар, наурыз айында облыс шаруашылықтарына арзандатылған дизель отынының 1 литрі 175-177 теңге көлемінде таратылған. Алайда, елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне сәйкес, сәуір айынан бастап дизель отынының әр литрі зауыттардан 143-144 теңге көлемінде босатылуда.

Ал, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жанармайдың 1 литрі 158-160 теңге аралығында таратылуда.

 

Жамбыл облысы