• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Ақмолада түрмеден босағандар үйлеріне дейін жеткізілуде

215 рет
көрсетілді

Облыстағы түзету мекемелерінде 2 мыңнан астамадам отыр. Олардың 21-і төтенше жағдай кезінде босап шықты. Өңірде барлық жол қозғалысытоқтатылғандықтан, өңірлік пробация қызметкерлері үйлеріне дейін шығарып салуда.  

Мәселен, Гранитный кентіндегі ЕЦ-166/25 жабық мекемесінен карантин уақытында 7 адам босатылған.

–Бүгінде біздің жабық мекемеде 378 бас бостандығынан айырылған адам бар. Олардың 7-еуі карантин уақытында босап, үйлеріне дейін жеткізілді. Таяуда тағы жиырмасы босап шықпақ. Оларды да мекенжайы бойынша жеткізіп салу ұйымдастырылады,–дейді ЕЦ-166/25 мекемесі бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов.

Жалпы, карантин уақыты басталғалы көршілес облыстардағы түзету мекемелерінен босаған 20-дан астам азамат өңірдегі блок-бекеттер арқылы өткізіліп, үйлеріне жеткізілген. Тағы да 30-ға жуығын пробация қызметкерлері осы айдың аяғына дейін өңірдің шекараларындағы бекеттерден күтіп алып, шығарып салмақшы.