• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2013

Әр нәрсенің реті бар емес пе?

330 рет
көрсетілді

Еркіндік қолға тигелі халық тым еркінсіп кеткенге ұқсайды. Ойларына келгендерін істейтіндері сондай, тіпті айтарға сөз жоқ. Көп қабатты үйлерде тұратындар ПИК бастықтарымен ауыз жаласып алып ойларына келгенін істеп жатыр. Мұның арты неге соғарын бір құдайдың өзі біледі. Мұндай жағдай Қазақстанның барлық өңірінде ме, жоқ әлде тек Ақсуда ғана бой алып тұр ма екен? Заң неге орындалмайды?

Павлодар облысы Ақсу қаласында көп қабатты үйлердің 1-ші қабатындағы бос жерлерді иеленіп, ешбір ақы-пұлсыз тамбур, склад-бытовка салу кеңінен орын алды, тіпті подъезде шегінуге де орын жоқ. Баланың қол арбасын, шанасын, велосипедін қоятын орындарды өз пайдасына пайдаланып жатқандарына жол болсын. Қазір үйлер халықтың жеке меншігі болғаннан бері бәріне де жауапты ПИК болып тұр, сондықтан ойларына келгенін істейді. Әрбір ПИК-тің үстелінде «Тұрмыстық кодекс» кітапшалары бар, тіпті сотқа барып жүгінгендерге де сол кітапшаны көрсетеді. Сотта отырған лауазымды адамдар ПИК бюджеттік сала емес, өзі шешеді, біз жауапты емеспіз, тұрғындар қол қойса болғаны, ондай мәселемен шұғылданбаймыз, деп жауап береді.

Ал сонда төтенше жағдайлар қызметі қайда қарап отыр? Кеңес өкіметі кезінде мұндай тәртіпсіздіктердің бәріне тыйым салынатын. Бүгінде мен тұратын үйде подвал да жоқ, іші белшеден су. Сол подвалды құрғатып, тұрғындардың қолдануына ұсынудың орнына ПИК бастығы тығырықты жағдайдан құтылудың жолы деп, 1-ші қабаттағы баспалдақтың қуысын беріп отыр. ПИК бастықтарын көшеде тұрып айқайлап, қол көтеріп сайлау деген не сұмдық? Көп қабатты үйлердің 1-ші қабатындағы бос жерді, баспалдақ қуыстарын тұрғындардың қол қоюымен әлдекімнің жеке меншігіне айналдыруына жол бермеу керек. Әр нәрсенің реті, қисыны болуы тиіс. Біздің айтпағымыз да осы.

Бақаш ҚАҺАРМАН.

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы.

Соңғы жаңалықтар