Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз Жарлығымен бірқатар шетелдік белді азаматтарды «Достық» орденімен марапаттады. Бұл құрметке олар достық пен әріптестікті және мәдени байланысты нығайтқаны үшін ие болып отыр. Бұл туралы Nomad su хабарлады.
Бұл тізімде қазақстандықтар арасынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов те бар. Осы Жарлықпен аталмыш марапатқа сондай-ақ «Прадо» ұлттық мұражайының директоры Мигель Сугас (Испания), Хельсинки университетінің профессоры Тимо Юхани Вихавайнен, Гранада университетінің ректоры Лодейро Гонсалес, Италия Президентінің елшілік кеңесшісі Ланди Дзанари, Беларусь Республикасы Ленин комсомолы атындағы Брест академиялық драма театрының бас директоры әрі көркемдік жетекшісі Александр Жуков, Харьков политехникалық институтының проректоры Александр Романовский, Украина ұлттық радиокомпаниясы академиялық симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі – бас дирижер Владимир Шейко бар.
Біз Асқар Исабекұлын көрші мемлекеттің осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
Әмірхан Алмағанбетов.