«Ауыл» партиясының облыстық филиал өкілдері биотехнологиялық ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізу арқылы індетке қарсы күреске үлес қосуда. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Валентин Хаданович өз кәсіпорны «Азимут» серіктестігінде антисептик шығаратын жаңа өндірісті жолға қойды.
Тиген жерін зиянды микробтардан залалсыздандырып, тап-таза етіп шығаратын дезинфекциялық сұйықтық М. Дулатов атындағы университетте сынақтан өтті. «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы С. Есмұратов Қостанай қаласындағы №13 сайлау округінің коммуналдық қызмет өкілдерін арнайы шақырып, 120литр «Анолит» дезинфекциялық құралын тегін таратты.
-«Анолит» - коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын залалсыздандыруға қажет бірегей сұйықтық. Біз бұл өндірісті карантин жағдайында коммуналдық қызметкерлерге дер кезінде көмек көрсету мақсатында іске қосып отырмыз . Себебі олар тұрғындарды жарық, жылу және газбен үздіксіз қамтамасыз етумен қатар, тұрғын үйлерді залалсыздандырудың алдыңғы шебінде жүр, - деді партия филиалының төрағасы,
Қостанай облысы