• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Атырау: Шаронда шоршыған балық шоғыры (видео)

2955 рет
көрсетілді

Кеше Құрманғазы ауданындағы Шарон өзеніне карагөз балығы көп мөлшерде келді. Аудан тұрғындары соңғы жылдары аталған  өзенде балықтың  дәл осылай шүпірлеп жатқанын байқамаған.

Сонда Шаронда шоршыған көп балық қайдан, қалай келді?

–Каспий теңізінен Шарон өзеніне балықтың мол шоғыры келгені рас. Жұртшылық «осынша мол балық өліп қалмай ма?» деп алаңдайды. Оған негіз жоқ. Қазір  Атырау-Астрахан жолының құрылысын жүргізушілер өзен үстінен көпір салып жатыр. Соған байланысты балық бірден жоғарыға өте алмаған. Бірақ, біртіндеп өтіп жатыр, -дейді Құрманғазы аудандық балық инспекциясы бөлімінің жетекшісі Нұрболат Қаратекеев.

Сондай-ақ Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдерінің айтуынша, бұл –табиғи құбылыс. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Биыл  Қиғаш өзеніне су көп келген. Бұған  өзенде тереңдету жұмысының қолға алынғаны себеп болып отыр.

 

 

Жұмасат ҒАЗИЗ