• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

COVID-19: Жетісуда 53 адам жұқтырып, 9 науқас сауықты

428 рет
көрсетілді

Өкінішке қарай, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар сағы тағы 3 адамға артты.

Бұл жайында облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Үш науқас та Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінен анықталған екен.

- Бүгін Іле ауданының  аумағында 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан алынған жағынды мен инфекцияға қарсы тапсырған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Науқастардың жалпы саны 232 адаммен, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және сыртта қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды, - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарда.

Жалпы, осы сәтке дейін облыста коронавируспен ауырғандар саны 53 адамға жетіп, 9 науқас індетен  жазылып шықты.

 

Алматы облысы