• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2013

Сирия оппозициясы Ресейдің ұсынысынан бас тартты

325 рет
көрсетілді

Сирияның азат әскері Ресейдің химиялық қаруды халықаралық ұйымның бақылауына тапсыру жөніндегі ұсынысынан бас тартты. Бұл туралы «Франс Пресс» агенттігінің ақпарына сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.

«Сирияның азат әскері Ресейдің химиялық қаруды халықаралық бақылауға алу жөніндегі ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартады», – деп мәлімдеді қарулы құрылымның қолбасшысы Селим Идирис.

Сейсенбі күні Сирия оппозициясының ұлттық одағы Ресейдің ұсынысын тиімсіз саяси айла деп атады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні Дамаскіні хмимялық қаруды халықаралық бақылауға тапсырып, қаруды жою жөнінде келісім жасап, химиялық қаруға тиым салатын ұйымның қатарына кіруге шақырған болатын.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар