Бүгін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С.Қ.Омаров Ақмола облысында болды.
Сапар барысында министр Шортанды ауданындағы диқандардың көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесіне көңіл аударды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларының егіс науқанына дайындығы, фермерлердің карантинге байланысты қойылған блок бекеттерден кедергісіз өту мәселесіне назар аударылды.
Көктемгі дала жұмыстары таяу уақытта басталады. Қазір соңғы әзірлік жұмыстары пысықталуда. Биылғы жылы ылғалдың мол болуы диқан қауымды үміттендіріп отыр.
Ақмола облысы