• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2020

Әскери психологтар шұғыл режімде жұмыс істеуде

507 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери психологтардың мобильді тобы құрылып, олар шұғыл режімде жұмыс істеуде.

Психолог мамандар зарарсыздандыру жұмыстарына, блок-бекеттерге және қала көшелерін патрульдеуге тартылған әскери қызметшілерге шұғыл-психологиялық көмек көрсетуде. Төтенше жағдайда әр әскери қызметшінің психологиялық жай-күйі психологтар тарапынан тұрақты қадағалауды және зерделеуді қажет етеді.

«Сол себепті тренингтер мен терең тыныс алу жаттығулары, жеке әңгімелесу адамның қалыпты өмірге қайта келуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, аталған тренингтер тіпті психолог маманы жоқ кезде де әскери қызметшілердің өзара бір-біріне психологиялық көмек, моральдық қолдау көрсетуіне септігі зор», - деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты психологиялық қызмет көрсету қызметінің бастығы подполковник Сандуғаш Дәуренбекова.

Институттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, мамандар зарарсыздандыру жұмыстарына шығар алдында моральдық-психологиялық тұрақтылығын анықтап, оларды іріктеу мақсатында экспресс-тестілеу арқылы психодиагностикалық жұмыс жүргізіледі. Одан кейін арт-терапия әдісі арқылы (сурет салу, пластилиннен бейне салу арқылы) жеке құрамның ішкі сезімі мен көңіл-күйі анықталады. Оған қосымша психологиялық әңгімелесу, адамның физикалық және физиологиялық жай-күйін реттеуге бағытталған тыныс алу жаттығулары жасалады. Зарарсыздандыру жұмыстарынан қайтып келгеннен кейін де психологиялық әңгімелесу жүргізіліп, релаксациялық тренингтер өткізіледі.

 

АЛМАТЫ