• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Маңғыстау: Әлеуметтік жағынан осал топтарына 73 646 адам тіркелген

328 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы энергетика - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров мәлім етті.

Елімізде қабылданған төтенше жағдайға байланысты коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу туралы ережесіне сәйкес, халықтың әлеуметтік осал тобының 7 санаты бойынша жеке шоты бар адамдарға көмек берілетіні белгілі.

Маңғыстау облысында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 73 646 адам бар, қазіргі таңда тиісті коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындармен бірлесіп олардың қаншасында жеке шот бар екені анықталуда.

Маңғыстау облысы энергетика - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаровтың айтуынша, мемлекет сәуір және мамыр айлары үшін 15 мың теңгеден коммуналдық қызмет ақысын төлейді. Сондықтан өтінім беруге асығып, әуреге түспеуге шақырамыз. Өйткені, сәуір айының төлемдері мамыр айында, тиісінше мамыр айының төлемдері маусым айында жүргізілетіндігін ескеру қажет.

Шығындарды өтеу ережесіне сәйкес тұтынушылар жеке сәйкестендіру нөмірі, әлеуметтік мәртебесін және жеке шот мәліметтерімен өтінім беруі тиіс.

Халықтың әлеуметтік осал тобының мәртебесі расталған жағдайда жергілікті әкімдік қаражаттарды коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есеп айырысу шоттарына аударады, олар өз кезегінде, есепті коммуналдық қызметтердің көлеміне пропорционалды түрде жүргізеді. Көмек жоғарыда аталған санаттарға жататын, өз атына коммуналдық қызмет көрсетушімен жасалған келісім-шарты бар және карантин енгізілген елді мекендерде тұратын азаматтарға көрсетіледі. Сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар және мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы мүшелерінің біреуінде жеке шоты болса да төленеді.

Айта кететін жәйт, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабына сәйкес коммуналдық төлемдер - су, жылу, газ, электр энергиясы, қоқыс шығару және лифт қызметтері үшін төленеді. Коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретіндегі көмекті алу үшін тұтынушы өзінің өтінішін жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жергілікті әкімдік жанынан ашылған call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласып, растауы қажет.

Аталған жұмыстарды ұйымдастыру қалалар мен аудандар әкімдіктерімен жүргізілуде және басқарманың тұрақты бақылауында.