• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Денисов ауданында 39 жастағы ана мен оның 4 айлық қызынан індет анықталды

966 рет
көрсетілді

Қостанай облысының Денисов ауданында індет жұқтырудың 2 жағдайы анықталды.

Жітіқара қаласының 39 жастағы тұрғыны мен оның төрт айлық қызы Жітіқара ауруханасының карантинге жабылуына байланысты, Денисов аудандық ауруханасына жатқызылған.  Бүгін екеуінен де  COVID-19 анықталып отыр.

Дәрігерлер науқастарды облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізді.

Жалпы 21 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 індетін жұқтырған 27 адам анықталды. 

 

Қостанай облысы