• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2020

Ауыл шаруашылығы техникасын бастапқы жарнасыз 6 пайызбен алуға болады

308 рет
көрсетілді

Ел Үкіметінің дағдарысқа қарсы саясаты аясында «ҚДБ-Лизинг» АҚ отандық өндірістен ауылшаруашылық техникасын сатып алуға болатындығын хабарлады.

Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарлама аясында ҚДБ-Лизинг фермерлерге отандық ауылшаруашылық техникаларын – комбайндар мен тракторлардыалғашқы төлемсіз сатып алу қызметін ұсынады. Бұрын аванстық төлем 15%-ды құраған болатын. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6% дейін төмендетілді.

Негізгі қарызды өтеуде кемінде 1 жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған.

Төлемді кешіктіргені үшін айыппұл) салынбайды. Сондай-ақ, жалдау шарттары бойынша жеке қарастырылған төлемдерді аударыла бастады. Барлық құжаттар онлайн режимінде қабылданады.

Ел Үкіметі тарапынан әзірленген шаралар шағын және орта бизнесті қолдауға, отандық өндірістегі тұрақты жұмыс режимін сақтауға бағытталып отыр. Бағдарламафермерлердің 76 пайызға ескірген техника паркін 30% жаңартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда бұл қажеттілікті қанағаттандыра алатын бірнеше өндірістік алаңдар бар. Мысалы, Қостанайдағы Санкт-Петербор трактор зауытымен бірлесе отырып ашылған Кировец өндірісі алдыңғы қатарда.

​​​​​​​

 

АЛМАТЫ