Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;
Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;
Айгүл Мұхаметкәрімқызы Мұхаметкәрім Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.
ХРОНИКА
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарудан;
Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды.